РЕКТОР ДУМАН ОРЫНБЕКОВ:

SHAKARIM UNIVERSITY ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПЕН ТЕРЕҢ БІЛІМНІҢ ОРДАСЫ

 

Биыл Shakarim University 90 жылдығын атап өтті. Қазақ халқының ұлы ойшылы, философ, кемеңгер ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының есімімен аталған университет Қазақстанның жоғары білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналды, ол еліміздегі ғылым мен білім, мәдениет пен қоғамның дамуына елеулі үлес қосып, қазіргі таңда халықымызға танымал небір тұлғалаларды даярлап шығарды. Елдің зияткерлік мұрасы ретінде жас ғалымдардың дамуына ерекше жол ашты.  Классикалық дәстүрлерді оқу технологияларымен ұштастыра отырып, мамандарды даярлау, инновациялық тәсілдерді білім беру процесіне біріктіру — бұл ең алдымен университет үшін қажетті стратегиялық маңызды бағыт болып қалыптасты.

Аталмыш оқу орнының ректоры Думан Орынбеков осы университеттің түлегі. Ұзақ жылғы еңбек жолдарынан кейін 2023 жылы ректор ретінде Alma mater қабырғасына оралды. Қазақта мақал бар: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген, бір ғасырға жуық уақыт ішіндегі атқарылған іс-шараларды қорытындылаған білім ордасының басшысы біздің оқырмандарымыздың сұрауы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді:

— Құрметті Думан Рымғалиұлы, Shakarim University-дің сіз үшін қымбат орны ерекше екенін білеміз, сіз Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлылардың есімі қаншалықты қымбат? Осы орайда, Университеттің академиялық қызметіндегі қандай оң үрдістерді атап өтер едіңіз?

Shakarim University 1934 жылы құрылған Семей педагогикалық институтынан бастауынан бастау алады. Классикалық көпсалалы университет өз тарихында көптеген өзгерістерді сақтады, заман ағымына орай небір өзгерістерді бастан кешірді. 19935 жылдан бастап ол Шәкәрім есімімен аталады. Маңызды күн — 90 жылдыққа орай байланысты биылғы жыл іс-шараларға толы болды. Ал, ұзық жылдардың бері тарихи кезеңімізде еліміздегі мәдени мұрасының және зиялы қауымның қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен біздің философ – Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі университетке ерекше әсер етті дей аламыз. Еліміздің ең көне жоғары оқу орнының бірінің мұрасы зерттеуші ғалымдардың, оқытушылардың, түлектердің және студенттердің кәсіби қызметі арқасында қалыптасты. Университет пен оның колледж деңгейінде 107 білім беру бағдарламасы бойынша 8 мыңнан астам білім алушы оқиды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылы Shakarim High School ашылды, онда 145 оқушы білім алады.

Айта кету керек, 2022 жылы 2023 жылмен салыстырғанда көптеген мақсаттарымыздың орындалуы көптеген факторларға байланысты болды. Осының ішінде ең маңыздысы білім беру бағдарламаларын кеңейту болып табылады, бұл өз кезегінде университетті студенттердің өздері үшін тартымды етті. Мысалы, Машина жасаудағы цифрлық технологиялар, Тамақ инженериясы, Green fields технологиялары сынды жаға білім беру бағдарламалары ашылды. Сондай-ақ, ақпараттың тез жаңаруы, жасанды интеллекттің кірігуі, тез арада нарық сұранысына ие мамандар даярлау талабын күшейтуде, сол себепті 4 жыл білім алудан, 3 жылға көшудің де жолдары қарастырылды. Өңірлік жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып біз Smart-жүйелер және бағдарламалау, бухгалтерлік есеп және қаржы, экономика және менеджмент, геодезия және картография (3,5 жыл оқу) бойынша үш жылдық білім беру бағдарламаларын енгіздік.

Өздеріңіз байқағандай, қазіргі уақытта интернационализацияға аса екпін қойылуда. Осы тарапта, Shakarim University-де академиялық ұтқырлық, шетелдік оқытушылар мен ғалымдарды тарту және қосдипломды білім беру бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде университетте 340 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ғалым-зерттеушілер, «Болашақ»бағдарламасының стипендиаттары да бар. Жалпы жоғары дәрежелі деңгей 52% құрайды. Хирш индексі бар ғалымдардың үлесінің артуы – 56% — дан 69% — ға дейін, бұл дегеніміз зерттеу жұмысына, академиялық саланың дамуына кәсіби көзқарас бар екенін баса көрсетеді. Елдің өңірлік жоғары оқу орындарымен салыстырғанда жеткілікті академиялық дайындық туралы айтады. Осы тарапта биылғы оқу жылы 5 жас ғалым, әлемнің беделді оқу орындарының түлектері университетке Science Professor лауазымына тартылғаның да сөзге тиек еткім келеді. Себебі өңірлік университетке орталықтан жаңа ойдағы мамандар тарту – өңірдің ғылыми әлеуетінің артуының бір шарты деп білемін.

Сол сияқты 82 оқытушы-практиктерді тарта отырып, өндірістік тәжірибе де білім беру процесіне белсенді интеграциялануда, бұл түлектердің табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады. Осы жылдар ішінде кәсібилігінің арқасында мықты маман болып қалған, университет тарихында шешуші рөл атқарған тәжірибелі тәлімгерлердің еңбегін атап өтуге болмайды. Құрылған орта бұндай жандарды аймақтың академиялық артықшылығының қайнар көзіне айналдырды. Shakarim University ректоры ретінде әріптестерімнің, тәлімгерлердің академиялық қоғамдастыққа, аймақтың дамуына қосқан үлесін мақтан тұтамын. Сонымен қатар, мамандардың жаңа буынын даярлау біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады.

— Президенттік жастар кадр резервінің жақында өткен форумында өңірлік жастар кадр резервіне іріктеу туралы ұсыныс айтылды. Университетте бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылды.

— Университеттер үшін бұл мәселе әсіресе терең және көп қырлы мағынаға ие. Оқу орындарына білім беру сапасы мен білікті, әлеуметтік белсенді және инновациялық бағытта ойлайтын түлектерді даярлау үшін екі есе жауапкершілік жүктеледі. Университет қабырғасында әрбір білім алушының көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру жолға қойылуы үшін жаңа буын мамандарының тұрақты ағыны қажет. Оларды қайдан алуға болады деген сұраққа бір ғана жауап бар: біз оларды өз қабырғаларымызда өсіруіміз керек, ал резервшілердің тізімін ең алдымен университет қабырғасында жұмыс істейтін жас оқытушылар, ғалымдар толықтырады деп үміттенеміз. Неліктен бұл маңызды? Жаңа буын цифрлық дәуірде өсіп келеді, білім беру процесінде заманауи технологиялар мен инновациялық құралдарды қолдануға құзыретті (бұл форумда айтылған). Университетте жұмыс істейтін жас педагогтар, ғалымдар білім беру жүйесінен өтіп үлгерді, бұл оларға тәлімгер болуға, өз үлгісімен шабыттандыруға мүмкіндік береді. Резервшілерге қатысу олардың кәсіби өсуіне және мансаптық өсуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде Университеттің жұмыс және оқу орны ретіндегі беделін арттырады.

Бүгінгі таңда Shakarim University жас оқытушыларының үлесі 2022 жылы 8%-дан 2023 жылы 20%-ға дейін өсті, олардың ішінде – мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері. Бұл әлі де шағын көрсеткіш болар, бірақ бұл біз үшін үлкен маңызға ие, бұл стратегиялық жоспарларды жаңартудағы маңызды қадам. Өз университетінің түлектері ретінде, процестегі кемшіліктер мен олқылықтарды ескере отырып, олар білім беру бағдарламаларын, оқыту әдістерін күшейту бойынша белсенді ұсыныстар жасайды. Осылайша дамудың үздіксіз циклы құрылады: шақырылған талантты жастарға өсу мүмкіндіктері беріледі және олар университеттің және жалпы қоғамның дамуына өз үлестерін қосады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бакалаврлар арасында жұмысқа орналастырылған түлектер саны шамамен 70%, магистрлер мен докторлар (PhD) – 100% құрады. Нақты көрсеткіш университеттің мамандарды даярлау сапасын көрсетеді. PhD дәрежесін қорғаушылар, әдетте, alma mater қабырғасында оқытушылық қызметте қалады.  Кадрларды даярлауда маңызды аспект стейкхолдерлермен тығыз ынтымақтастық болып табылады. Мәселен, бүгінгі таңда біз шамамен 1 000 серіктес-жұмыс берушілермен жұмыс істейміз. Табиғи ресурстарға бай өңірде тау-кен кәсіпорындары, көмір, бағалы металдар және мыс кендерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар бар, елдің оңтүстік және орталық бағыттарында автомобиль және теміржол қатынастары желісі дамыған. Өңірдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары 14 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді, бұл білікті кадрларды даярлау саласындағы нақты міндеттерді айқындайды.

Өңірдің әртүрлі қызмет салаларындағы кәсіби кадрларға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне бейімделу қажеттілігін түсіне отырып, университет өзінің оқу қызметін қайта форматтау жөнінде елеулі қадамдар жасады. Жаңа оқу жылынан қарсаңында болашақ студенттеріміздің, іскер серіктестеріміздің алдында білім берудің кеңейтілген мүмкіндіктері пайда болмақ. Бірнеше ондаған жылдар бойы қалыптасқан бес дәстүрлі факультеттің орнына біз үш зерттеу орталығы және сегіз алты жоғары мектептен тұратын инновациялық жүйені енгіздік. Бұл өзгеріс тереңірек мамандандыруға және оқытудың практикалық бағытына бағытталған. Зерттеу мектептері тамақ инженериясы, ветеринария және ауыл шаруашылығы, физика және химия ғылымдары сияқты бағыттарды қамтиды. Олар дәстүрлі және инновациялық технологияларды терең түсінуді қамтамасыз ете отырып, маңызды ғылыми бағыттардың дамуына ықпал ететін болады. Жоғары мектептерге келетін болсақ, онда білім беру, цифрлық технологиялар және машина жасау, бизнес, жаратылыстану ғылымдары, физика-математика ғылымдары, филология мектебі. сондай-ақ Шәкәрім жоғары колледжі бар. Университет түлектеріне арналған мемлекеттік қызмет академиясының Абай филиалымен бірлесіп, мемлекеттік құрылымдарда қажетті мамандандырылған білім алуға, университеттің мемлекеттік органдармен байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы іске асырылуда.

Инновациялар мен зерттеулерге назар аудару мақсатында оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру әдістері енгізілді, әсіресе стратегиялық маңызды бағыттарда: жаңартылатын энергия, тұрақты даму, агротехнология, цифрландыру салалары басты назарда. Университет инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қолданыстағыларын ребрендингтеу арқылы заманауи технологияларды оқу процесіне біріктіреді.

2019 жылы Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына орай Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экология мәселелерін түбегейлі мәселелерге жатқызды. 2023 жылы «Семей жері ядролық қауіпсіздік аймағы» туралы заң шықты, оны іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге болатын радиоактивті ластанған және ластанбаған жерлерді (шамамен бір миллион гектар) зерттеу қажет. Сондықтан болашақта осы бірқатар бағыттар бойынша тиімді жұмыс істей алатын осындай мамандарды даярлауға баса назар аудару қажет. Радиациялық қауіпсіздік, экологиялық оңалту, агроэкология, радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы білім беру бағдарламалары практикалық дағдыларды дамытуға бағдарланатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығымен, ядролық технологиялар паркімен Интеграция және одан әрі ынтымақтастық оқу процесіне озық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізуге мүмкіндік береді, студенттер үшін тағылымдамалар мен тәжірибелерді практикаларды ұйымдастырудың тиімділігін күшейтеді.

— Естуімізше жақын арада университет жаңынан Шәкәрім музейі ашылды. Ол бірінші музей деп білеміз. Оған не түрткі болды? Мамандар даярлау жолында қандай рөл атқарады?

Біріншіден, біздің университет Шәкәрім атында. Сондықтан ақын, ойшыл Шәкәрімнің өмірі мен мұрасын наcихаттау, зерттеу біздің тікелей міндетіміз екені анық. Сондай-ақ, басты мақсат — университет жанынан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын толық қамтитын ғылыми музей ашу болатын.

Шәкәрім музейі университетіміздің 90 жылдық мерейтойына ерекше сый болды деп айта аламын. Шәкәрім музейінің негізгі тірегі ғылыми бағыт. Мәселен, музейде жүйелі орналасқан жиырмадан астам экспозиция шәкәрімтану саласындағы өзекті ғылыми мәселелерді ашып көрсеткен. Басқаша айтқанда, әрқайсысы болашақта шәкәрімтану саласында жүзеге асатын дипломдық, магистрлік, докторлық жұмыстарға бағыт-бағдар десек те болады. Әр экспзиция витриналарында бүгінге дейін қорғалған жұмыстардың авторефераттары, ғылыми монографиялар мен зерттеулер қойылған. Шәкәрімтану саласына сай материалдарды әр бағыт бойынша жинақтау, оның электрондық қорын байыту да жолға қойылған. Жинақтап айтсақ, бұл музей, шәкәрімтану саласындағы аналогы жоқ ғылыми-зерттеу орталығы. Шәкәрім музейі ғылыми концепция дайындап, осы бағытта жұмыстарын бастап кетті. Соның алғашқысы, Мәскеуден жарық көрген «Родник по имени Шакарим» жинағы.

-Думан Рымғалиұлы, Shakarim University ғалымдары ірі жобалардың басағасында жүреді. Көпсалалы жоғары оқу орны болғансоң ауылшарушылығы, тамақ қауіпсіздігі, педагогикалық бағыттардағы өзекті мәселелердің шешемін іздеудегі бастамаларын көріп отырмыз. Дегенмен, бізді елең еткізген зерттеу – Шәкәрімнің саятқорасының тарихи және этно-археологиялық зерттеуі. Осы зерттеудің мақсатына тоқтала кетсеңіз.

— Шәкәрім қажы өмірінің соңғы кезеңі, әсіресе, кеңестік жүйе орнағаннан кейінгі бөлігі әлі де ғылыми саралауды қажет етеді. Университет ғалымдарының зерттеу жұмысының негізгі өзегі ретінде алынып отырған «Саятқора феномені», яғни Шәкәрім қажының өмірінің соңғы кезеңінің куәсі болған Саятқора мекенін кешенді зерттеу отандық тарих ғылымы үшін тың мағлұматтар беретіні анық. Нақтырақ айтқанда, Саятқора кезеңі арқылы қажы өмірінің соңғы күндерінен ақпар беретін ауызша естеліктер мен этнографиялық мәліметтер, сондай-ақ отандық және арнайы архив қорларындағы Шыңғыстау көтерілісі мен 1920-30 жылдары қалыптасқан саяси үдерістерге қатысты құжаттарды зерделеу аталған жоба жұмысының негізгі өзегі ретінде қарастырылады.  Бұл ғылыми жоба және мақсаты — Шәкәрім өмірінің соңғы кезеңін тарихи және этно-археологиялық тұрғыда зерттеу, жоба аясында жинақталған ғылыми айналымға енгізілмеген ауызша деректер мен құжаттарды, материалдарды жаңа методологиялық ұстанымдар негізінде талдау.  Зерттеу аясында Шәкәрім өмірінің соңғы тұрақтарға археологиялық қазба жұмыстарын, этнографиялық зерттеулерді жүргізу, ел арасындағы естеліктерді, архив қорларындағы деректерді жинау, оларды жүйелеуді және сараптауды іске асыру нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін аса тиімді болмақ.

Бұл бағытта жаңалықтарымызбен әлі де арнайы бөлісетін боламыз.

 

  • Әңгімеңізге рахмет!

                                                                                       Сұхбаттасқан Раушан Нұғманбекова