Мақсат – дәлдік пен жылдамдықты дамыту

Абай гарнизонының «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында мергендер сайысына қызу дайындық жүргізілуде. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден іріктеліп келген сұрмергендер қатысуда. Ал бұл жиыннан іріктелген он мерген Ә.Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін мергендер сайысына қатыспақ. Аталған байрықты бәсеке ҚР Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында тамыз айының соңына қарай ұйымдастырылады.

Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай өтетін мергендер сайысы – еліміздің әскери тарихында маңызды орын алады. Осы сайысқа дайындық барысында әскери мергендер полигонда СВД (Снайперская Винтовка Драгунова) қаруынан дәл көздеп, шеберліктерін арттыруда.

Сайысқа қатысушылардың басты мақсаты – өздерінің тактикалық және техникалық дағдыларын жетілдіру, дәлдік пен жылдамдықты дамыту. Полигонда жүргізілетін жаттығулар барысында мергендер әртүрлі қашықтықтан нысаналарды көздеуді, қаруды дұрыс қолдануды, сондай-ақ, жағдайға байланысты тактикалық шешімдер қабылдауды үйренеді.

Ә.Молдағұлованың батырлығын еске ала отырып, мергендер тек физикалық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықтарын да нығайтуға тырысады. Олардың әрбір жаттығуы – бұл тек техникалық дайындық емес, сонымен қатар патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін іс-шара.

Алда болатын сайысқа дайындалып жатқандардың бірі Үшарал гарнизонындағы 40398 әскери бөлімі мергендер взводының взвод сержанты аға сержант Олжас Әбенов. Ол аталған сайыс барысында мергендер өзара тәжірибе алмасып, командалық рухты көтеруге, бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше назар аударатынын айтады.

— Қазақтың даңқты батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі мен батылдығы – бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі. Сондықтан, бұл сайыс – тек жарыс қана емес, сонымен қатар тарихты ұлықтау, ұлттық бірлікті нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды кезеңі. Алдағы болатын сайыста барлығына сәттілік тілеймін, — дейді О.Әбенов.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Семейде сарбаздарды шығарып салды

    «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде әскери міндетін өтеген 138 сарбаз үйлеріне аттанды. Еліміздің әр өңірінен шықырылған жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен өткеріп шықты. Оларды әскери бөлім басшылығы салтанатты…

    Жаңалықтар: Қоғамдық өмірдің айнасы

    «Жаңалықтар» беті қоғамдағы соңғы оқиғалар мен маңызды ақпараттарды жеткізуге арналған. Жаңалықтар — бұл тек ақпарат беру құралы емес, сонымен қатар қоғамның өмір салты мен мәдениетін, саяси және экономикалық өзгерістерін көрсететін…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Мақсат – дәлдік пен жылдамдықты дамыту

    • By admin
    • 14 сентября, 2025
    • 3206 views
    Мақсат – дәлдік пен жылдамдықты дамыту

    Семейде сарбаздарды шығарып салды

    • By admin
    • 21 апреля, 2025
    • 214 views
    Семейде сарбаздарды шығарып салды

    Спорт

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 245 views
    Спорт

    Редакциямен байланыс

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 255 views
    Редакциямен байланыс

    Мәдениет беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 208 views
    Мәдениет беті туралы кіріспе

    Қоғам беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 165 views
    Қоғам беті туралы кіріспе