Семейде сарбаздарды шығарып салды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде әскери міндетін өтеген 138 сарбаз үйлеріне аттанды. Еліміздің әр өңірінен шықырылған жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен өткеріп шықты. Оларды әскери бөлім басшылығы салтанатты түрде шығарып салды.

Бөгенбай батыр атындағы механикаландырылған бригада сапында мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды шығарып салу ерекше сән салтанатымен өткізілді. Саптық алаңда сарбаздар әскери бөлім ұжымымен қоштасып, аман-есен үйлеріне жіберілді. Ал бөлімнің барлық жеке құрамы бір жыл бойы абыроймен қызмет еткен жігіттерге алғыстарын айтты.

Бригада командирі подполковник Еркін Жоламанов қызмет барысында сарбаздардың жетістіктері мен әскери тәртібін атап өтті, өткен бір жыл ішінде барлық сарбаздар өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарғанына алғыс білдірді.

— Біздің мақсатымыз — сіздерді отансүйгіш, елімізді қорғай алатын азамат қылып тәрбиелеу болатын. Ол мақсатқа толықтай жеттік деп сеніммен айта аламын. Өйткені, өздеріңіздің қатысуларыңызбен қаншама оқу-жаттағуларын өткіздік. Оған барлау шабуылдау ротасы, барлау батальоны мен артиллериялық дивизион сапында мерзімді әскер  қызметін өткерген сарбаздар ерекше ынта жігерлерімен қатысты. Алысқа бармай-ақ жақында өткізілген рота тактикалық оқу жаттығуын айтуымызға болады. Сарбаздар қандай пәрмендер берілсе де әртүрлі қару түрлерін қолдана отырып, тактикалық оқу жаттығуларына жоғары деңгейде қатыса алды. Сіздерге осы қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Ел басына күн туса сіздер сапқа тұрып, Отан қорғайтындарыңызға сенемін, — деп атап өтті бригада командирі подполковник Еркін Жоламанов.

Салтанатты шарада дивизион командирі майор Әділет Төлегенов, жас сарбаздар атынан қатардағы жауынгер Қуаныш Айдаров және Ауған соғысының ардагері Нұрлан Көрпешов құттықтау сөз алып, мерзімді әскери қызметін өткерген сарбаздарға жылы лебіздерін жеткізді.

— Сіздермен бір әскери бөлімде қызмет еткеніміз үлкен мәртебе болды. Сіздердің сабырлықтарыңызбен, батыл іс әрекеттеріңізді біздер үлгі санадық. Сіздерден көп нәрсе үйрендік. Соны алдағы қызметімізде қолданамыз. Запасқа шығуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын, — деп атап өтті жас сарбаз қатардағы жауынгер Қуаныш Айдаров.

Шара барысында сарбаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттылды. Салтанатты жиыннан кейін мерзімді қызметін өткерген жауынгерлер саптық алаңда соңғы рет шерумен өтіп шықты. Соңында әскери бөлім ұжымымен естелікке суретке түсті.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Жаңалықтар: Қоғамдық өмірдің айнасы

    «Жаңалықтар» беті қоғамдағы соңғы оқиғалар мен маңызды ақпараттарды жеткізуге арналған. Жаңалықтар — бұл тек ақпарат беру құралы емес, сонымен қатар қоғамның өмір салты мен мәдениетін, саяси және экономикалық өзгерістерін көрсететін…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Семейде сарбаздарды шығарып салды

    • By admin
    • 21 апреля, 2025
    • 18 views
    Семейде сарбаздарды шығарып салды

    Спорт беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 49 views
    Спорт беті туралы кіріспе

    Редакциямен байланыс беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 62 views
    Редакциямен байланыс беті туралы кіріспе

    Мәдениет беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 70 views
    Мәдениет беті туралы кіріспе

    Қоғам беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 43 views
    Қоғам беті туралы кіріспе

    Журнал мақалалары беті туралы кіріспе

    • By admin
    • 6 января, 2025
    • 61 views
    Журнал мақалалары беті туралы кіріспе